2020 жылы "Елек өзені алқабының жер асты және жер үсті суларының ластану динамикасын бағалау" тақырыбында ағылшын тілінде PhD диссертациясын қорғады (Assessment of the boron pollution dynamics of the groundwater and surface water of Ilek river valley), "6D060800-Экология" (география ғылымдары) мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне ие болды (Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 4-1308 бұйрығы). 2017 жылы ЮНЕСКО штаб-пәтерімен ынтымақтастықта Бангкокта ЮНЕСКО ұйымдастырған Тұрақты даму мүддесінде білім беру бойынша жастар көшбасшыларын оқыту бойынша Азия-Тынық мұхит өңірлік семинарында Қазақстанның өкілі болды. 2018 жылы ҚР БҒМ шеңберінде өткен 5В060800-"Экология" мамандығы бойынша ағылшын тілінде"Ecology" білім беру бағдарламасының әзірлеушілер тобына кірді. "Халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ақтөбе облысының қоршаған орта объектілерінің бормен ластануын зерттеу нәтижелерін экологиялық бағалау" атты ҚР ЭТРМ жобасының жетекшісі болды. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін география және табиғатты пайдалану факультетінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі декан орынбасары болып қызметін атқарады. А.А. Рысмағамбетованың авторлық ұжыммен бірге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қырықтан астам ғылыми еңбектері, оның ішінде 2 монографиясы, оның бірі шетелдік басылымда жарияланған, 6 оқу құралы және ғылым туындысына авторлық куәліктер жарияланған. Ғылыми-зерттеу жұмыстары жер үсті суларының экологиялық жағдайы, техногендік ластану және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша зерттеулерімен байланысты.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Магистратура
2014

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ

Жоғары

2012

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
11.03.2020
Қызығушылығы